Қоғам

"Менен құтылудың әрекеті": Шавкат Рахмоновтың бұрынғы әйелі абысындарына қатысты шындықты айтты

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы әйелі жеке өміріне қатыстты жазба жариялады.

Аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың бұрынғы әйелі өзіне және балаларына қысым жаалғанын айтты. Бұл туралы желідегі парақшасында жазба қалдырды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айтуынша, қазіргі қиын жағдайда туыстары неше түрлі әңгіме айтқан көрінеді.

«Менің басыма түскен ауыр жағдайды өздеріне пайдаланып менен, менің балаларымнан құтылудың әрекеті бұның бәрі. Авария болды, құтырған т.б әңгімелерін естіп маған күліп отырғандарына шыдап келе жатырмын барынша», - дейді ол. 

Спортшының әйелінің айтуынша, абысындары көп шу шығарған көрінеді.

 «Негізі көп айқай-шу осындай абысындардан болады. Енені қайрап, байын қайрап өзін келіндердің ішінен ең кереметі қылып көрсеткісі келетін. Бірақ елдің бәрі біледі қандай екенін Алла көріп тұр», - дейді. 

Сонымен қатар Гүлайым Рахмонова құқық қорғау органдарына жүгінгенін де жеткізді.