Павлодар облысында мұғалімдердің жеке деректері тарап кеткен
Білім беру саласының 2 мыңнан астам қызметкерінің жеке дерегі тарап кеткен,
Павлодар облысында білім беру саласының 2 мыңнан астам қызметкерінің жеке дерегі тарап кеткен, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ведомство мәліметінше, 28 білім беру ұйымының құжаттарынан қызметкерлердің жеке деректері анықталған. Олардың қатарында анкеталық мәліметтер, тұрғылықты мекенжайлар және байланыс телефон нөмірлері болған.