Қоғам

"Ақбаян ауырып қалғанда Наурыз қарады": Атырау облысындағы қайғылы жағдайға қатысты дерек шықты

Марқұм Мақсот Қарабалиннің інісі Ақбаянның ағасы Наурызға қатысты мәлімет айтты.

Атырау облысында күйеубаласының қолынан қаза тапты делінген бір отбасының мүшелеріне қатысты дерек шықты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы марқұм Мақсот Қарабалиннің інісі Шалқар Мұқанғалиев журналист Руслан Өтепбайға берген сұхбатында айтқан.

"2025 жылдың қысқы уақытында Наурыз көбінесе Атырауда болды. Қарындасы Ақбаянға қарайласып жүрді. Ақбаян жүктілік кезінде қолқасына салқын тиіп, ауруханаға түсіп қалған. Содан кейін комада, реанимацияда жатып, денсаулығына ауыр болып, әлсіреп, ақыл-есінен жоғалатындай жағдайға жетіп қалды. Соны қарайласып, жұмысқа да шықпай, Ақбаянға қарайласып жүрді. Күйеуі Сұлтан жұмыс істейтін", – деді Шалқар Мұқанғалиев.