Мәдениет

Пойызда мас болып әйелге тиіскен белгілі жайдарманшыға 86 500 теңге айыппұл салынды

Белгілі жайдарманшы пойызда шу шығарып, өзін агрессивті ұстаған.

Қызылорда-Павлодар бағытындағы пойызда әйелге тиіскен танымал жайдарманшы Ақылбек Скендіров 86 500 теңге айыппұл төледі, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Оқиға 26 сәуірге қараған түні Қызылорда-Павлодар пойызында болған. Сот мәліметінше, ер адам жолаушы әйелге балағат сөздер айтып, оның демалуына кедергі келтірген.

Сот отырысында ол кінәсін мойындап, кешірім сұрады. Сот бұл әрекетті ұсақ бұзақылық деп танып, 86 500 теңге көлемінде айыппұл салды.

Желі қолданушылары оның бұл әрекетіне қатысты түрлі пікір қалдырып жатыр.