Роман Скляр Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды
Роман Скляр бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Роман Скляр Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Роман Васильевич Скляр Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, 2019 жылғы 18 қыркүйекте Президенттің жарлығымен Роман Скляр премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды. 2022 жылдың 11 қаңтарында ол премьер-министрдің бірінші орынбасары болды.