Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Өскемендегі зауыттағы жарылыс: зардап шеккендердің саны артты

Өскемендегі зауыттағы жарылыс: зардап шеккендердің саны артты
Сурет: ШҚО ТЖД
Өскемендегі зауытта болған жарылыстан бірнеше адам зардап шегіп, екі адам қаза тапты.

Өскемендегі зауытта болған жарылыстан зардап шеккендер саны артты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"7 адам зардап шекті, оның ішінде 2 адам қаза тапты, 2 адам ауруханаға жатқызылып, 3 адам үйіне жіберілді", - деп хабарлады ТЖМ.

ТЖМ баспасөз қызметі оқиға орнынан жаңа кадрларды таратты.

Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Апат салдарын жоюға жеке құрамнан 80-ге жуық адам мен 18 техника, кинологиялық есептоптар, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері, командалық-штабтық машина және ТЖМ-нің ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылды. Қазіргі уақытта үйінділерді аршу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

ТЖД-де жедел желі телефоны жұмыс істейді: 8 (7232) 55-38-19.

Айта кетсек, 5 мамырда "Қазмырыш" ЖШС қорғасын зауыты аумағында электролиз цехының балқыту бөлімінде шаң ұстау құрылғысы жарылып, кейін өрт шыққан.  ТЖМ күштерімен өрт 120 шаршы метр аумақта толығымен сөндірілді, сондай-ақ 220 шаршы метр аумақта цех құрылымдары опырылып түскен.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар