Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Елімізді кейбір көлік жүргізушілері үшін автосақтандыру қымбаттайды

Елімізді кейбір көлік жүргізушілері үшін автосақтандыру қымбаттайды
Сурет: gov.kz
Автосақтандыру жүйесі қайта қаралмақ.

Қазақстанда сақтандыру полисін есептеу жүйесі өзгереді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.

Негізгі өзгерістер "бонус-малус" жүйесіне қатысты болады. Сақтандырушылар оның көмегімен КҚИ АҚЖМС құнын есептейді.

Ол былай жұмыс істейді: жүргізуші көлікті неғұрлым ұқыпты айдап, жол-көлік оқиғасына (ЖКО) түскен жағдай жоқ болса, сақтандыру соғұрлым арзан болады. Керісінше – жол апаттары бағаны автоматты түрде қымбаттатады.

Енді бұл жүйе қайта қаралмақ.

Сирек кездесетін кластар алып тасталады

Мәселен, сирек қолданылатын "М1" және "М2" кластарын алып тастау жоспарланған. Оларды ешкім пайдаланбайтындықтан, олардан бас тарту туралы шешім қабылданды.

Сақтандыру қымбаттайды

Агенттіктің есептеуі бойынша, орташа төлем 23 870-тен 28 130 теңгеге дейін өседі. Бұл жүйенің тұрақтылығын сақтау және ЖКО кезінде зардап шеккендерге төлемдерге кепілдік беру қажеттілігімен түсіндіріледі.

Сақтандыру тарихы әртүрлі жүргізушілер үшін коэффициенттер бөлек есептеледі – сөз 4-тен 13-ке дейінгі кластар туралы болып отыр. Қарапайым тілмен айтқанда, апатқа ұшырағандар үшін сақтандыру айтарлықтай қымбаттауы мүмкін.

Жеке бағалау жүйесі енгізіледі

Тағы бір жаңалық – тәуекелді жеке бағалау. Сақтандыру компаниялары бірыңғай базадағы мәліметтерге қол жеткізіп, қосымша факторларды: ЖКО тарихын, сақтандыру жағдайларының жиілігін және жүргізушінің жалпы тәртібін ескере алады.

Полис құнын 10 пайыз шегінде жеңілдік жағына да, үстемеақы жағына да түзетуге болады. Яғни, көлігі мен өтілі бірдей болса да, екі адам әртүрлі төлеуі мүмкін.

Ұқыпты жүргізушілерге арналған бонус

Бұл ретте ұқыпты жүргізушілерді қосымша ынталандыру көзделген. Егер адам бес жылдан аса уақыт бойы ең "жоғары" 13-класта болып, апатқа ұшырамаса, сақтандыру компаниясы оған стандартты деңгейден төмен қосымша жеңілдік бере алады.

Өңірлік коэффициенттер қайта есептеледі

Өзгерістер өңірлік коэффициенттерге де қатысты болады. Олар әртүрлі аймақтардағы апаттылық деңгейі мен сақтандыру төлемдерін дәлірек ескеру үшін неғұрлым өзекті мәлімет бойынша қайта есептеледі.

ЖКО ең көп болатын өңірлерде сақтандыру құны қымбатырақ болады.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар