Денсаулық

“Көзіне дейін күйіп кеткен”: Өскемендегі жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Жарылыстан зардап шеккен ер адамның ішкі органдары мен өңеші, көзіне дейін күйік шалған.

«Қазцинк» зауытындағы жарылыс кезінде жараланған екі қызметкердің жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Олардың біреуінің денесінің 90 пайызын күйік шалғаны белгілі болды. Бұл туралы  Шығыс Қазақстан облысы мамандандырылған медициналық орталығының бас дәрігерінің міндетін атқарушы Мұрат Нұрбикенов мәлім етті.

«Бірінші 5 адам түсті. Оның төртеуі ер адам, біреуі – әйел адам. Оларды толық тексеруден өткізіп, қан сараптамаларын алдық. Үшеуінің жарақаты жеңіл болған соң, оларды үйіне қайтардық, қалған екеуін жатқыздық. 1980 жылы туған бір ер адамның жағдайы аса ауыр, оның денесінің 90 пайызын күйік шалған. Оның терісі, ішкі органдары мен өңеші және көзіне дейін күйіп кеткен. Шок жағдайында түсті. Оған шұғыл көмек көрсеттік. 1974 жылы туған тағы бір ер адамның омыртқасы сынған. Оны травматолгия бөліміне жатқыздық», - дейді ол.