Әйел балаларымен бірге терезеден секіріп кетті: сол күні оның зорлық-зомбылыққа ұшырағаны белгілі болды
Терезеден секіріп кеткен әйелдің күйеуі үйіне көңілдесімен бірге келген.
Балаларымен бірге терезеден секірген әйел бірнеше рет зорлық-зомбылыққа ұшырағаны белгілі болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Туысының 24.kg басылымына айтуынша, оқиға алдында кешкісін ер адам үйге өзінің бірге тұратын әйелін ертіп, мас күйде келген. Осыған байланысты жанжал туындап, келесі күні қайғылы жағдай орын алған.
Тағы қанша қайғылы жағдай болуы керек? Тағы қанша әйел мен бала қаза табуы тиіс, мемлекет ақыры отбасындағы зорлық-зомбылықты елдің ұлттық қауәпсіздігіне қатер деп мойындауы үшін? Әйелдерге қарсы қатыгездікпен жасалған қылмыстардың көбейгенін ұлттық дағдарыс ретінде тану қажет.
Президент жеке өзі халыққа үндеу жасап, бұдан былай отбасындағы зорлық-зомбылықтың барлық жағдайы оның тікелей бақылауында болатынын мәлімдеуі тиіс. Сонымен қатар жауапкершілікке тек зорлық көрсеткендер ғана емес, сондай-ақ:
• зорлық-зомбылықты көріп тұрып, әрекет етпеген, құқық қорғау органдарына хабарламаған адамдар;
• “шыдап қой”, “ел не дейді”, “күйеуіңнен кетсең өмір сүре алмайсың”, “біз шыдадық, сен де шыда” деген сөздермен қылмысқа жанама түрде жол бергендер;
• өз учаскелерінде профилактика жүргізіп, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға тиіс учаскелік инспекторлар мен жедел қызметкерлер де тартылуы керек.
Бұдан бөлек, (ҰҚК, ІІМ, Еңбек және әлеуметтік даму министрлігі, Бас прокуратура, омбудсмен, БАҚ өкілдері қатысатын) ведомствоаралық дағдарысқа қарсы штаб құрып, оның президент пен парламент алдында апта сайын есеп беруін және нақты әрекет ету құзыретін қамтамасыз ету қажет.