Басты жаңалықтар

Көлікті 5 минуттан артық қыздыруға тыйым салу: ІІМ шешім шығарды

Депутаттар елді мекендерде қыс мезгілінде көлік қыздыруға қойылған тыйымды толығымен алып тастауды ұсынды.

Қазақстан ІІМ автокөлікті белгілі бір уақыттан артық қыздыруға тыйым салатын даулы нормаға қатысты шешім қабылдады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Мәжілістің пленарлық отырысында министрдің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді.

Отырыс барысында Мәжіліс депутаттары көптеген талқылау тудырған даулы норманы еске салды. Депутаттар елді мекендерде қыс мезгілінде көлік қыздыруға қойылған тыйымды толығымен алып тастауды ұсынды. Сонымен қатар, тиісті белгілері бар тұрғын үй аймақтарында шектеуді сақтап қалу ұсынылды.

Санжар Әділов ІІМ мұндай бастаманы қолдайтынын айтты.

"Расында да, талқылаулар болды. Жұмыс топтары жұмыс істеді. ІІМ ұстанымын қысқаша айтсам: министрлік бұл ұсыныстарды қолдайды", – деді министрдің орынбасары.