Қоғам

Қазақстанда 7, 8, 9 мамырда күн суытады

Синоптиктер демалыс күндері жаңбыр мен найзағай болатынын болжады.

Қазгидромет синоптиктері 7, 8 және 9 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Болжамға сәйкес, мереке күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбырлы ауа райы күтіледі, найзағаймен жаңбыр жауып, кей жерлерде бұршақ түсіп, желдің екпіні күшеюі мүмкін.

«7–9 мамыр аралығында батыс өңірлерде, 8–9 мамырда солтүстік өңірлерде қатты жаңбыр жауады. Оңтүстік өңірлерде жоғары температура аясында өткінші жаңбыр мен найзағай болжанады, ал шығыс өңірлерде тек 9 мамырда жаңбыр мен найзағай басталады», – делінген хабарламада.

Күндізгі ауа температурасы өңірлер бойынша айтарлықтай ерекшеленеді:

* батыста +18…+28°C шамасында,

* солтүстікте +18…+23°C дейін төмендейді,

* орталықта +20…+28°C дейін төмендейді,

* оңтүстік және оңтүстік-шығыста +28…+33°C дейін төмендейді,

* шығыста +25…+30°C дейін көтеріледі.