Тоқаев бір топ құқық қорғау қызметкерлерін мемлекеттік наградамен марапаттады
Томирис ТоныкөкҚасым-Жомарт Тоқаев бір топ әскери қызметкерлерді ордендермен марапаттап, оларға шен тапсырды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысының Жарлығымен әскери және қызметтік борышын атқару кезінде ерлігі мен жанқиярлығын көрсеткен, сондай-ақ елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуге, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға үлес қосқан бірқатар азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.
І дәрежелі "Даңқ" орденімен
Сексембаев Марат Исламханұлы – Қостанай облысының прокуроры;
ІІ дәрежелі "Даңқ" орденімен
Секенов Дастан Әбдіқадырұлы – Бас әскери прокурор
Төреханов Роман Алмаханұлы – Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Президент күзеті қызметінің бастығы
Шекарбеков Сәкентай Амантайұлы – Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы;
Сағадат Нұрмағамбетов атындағы І дәрежелі "Айбын" орденімен
Омарбеков Айтқұрман Жоламанұлы – Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы
Спанов Иса Қалиұлы – Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті бастығының орынбасары;
Алашов Бақытжан Алашұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы
Бөлегенов Ержан Ерғалиұлы – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Абай облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы
Дәрменов Ренат Есенкелдіұлы – Қорғаныс министрлігі департаментінің бастығы
Долбышева Татьяна Сергеевна – Ішкі істер министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің инспекторы
Жаншин Жанболат Жасқайратұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының бірінші орынбасары
Керімбаев Дәурен Темірғалиұлы – Мемлекеттік күзет қызметі департаменті бастығының орынбасары
Құсайынов Жарқын Қуанышұлы – Бас прокуратураның департамент бастығы
Мирошниченко Виталий Викторович – Ішкі істер министрлігі Жамбыл облысы полиция департаменті жасақ командирінің орынбасары
Өмірбекұлы Руслан – Ішкі істер министрлігі Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті Өскемен қаласы полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары
Рыспаев Нияз Қанатұлы – Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының бірінші орынбасары
Тарыбаев Тимур Бағдатұлы – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызметі департамент бастығының орынбасары
Тоқанов Арман Құмарұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы
Түймелиев Еркін Амангелдіұлы – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Жетісу облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы
Федорченко Дмитрий Юрьевич – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасы қару-жарақ бас басқармасының штаб бастығы
Хайрушев Данияр Жұмағалиұлы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасары
Шәкенов Нұрлан Нұрмұхаметұлы – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің басқарма басшысы
Ыбыраев Берік Мұхаметжанұлы – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қызмет орталығының бастығы;
Рахымжан Қошқарбаев атындағы ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен
Мұхтархан Медет Мұхтарханұлы – Қорғаныс министрлігі 10810 әскери бөлімінің сержанты
Тәукебаев Ғалымжан Таласбекұлы – Қазақтан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің сержанты;
"Ерлігі үшін" медалімен
Білтанов Ербұлан Зәкірұлы – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Абай облысы бойынша департаменті Мақаншы ауданы бойынша шекара басқармасының топ бастығы
Қабиев Асан Нұрболатұлы – Ішкі істер министрлігі Батыс Қазақстан облысы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының полицейі
Қапанов Қанат Манарбекұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өскемен қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы № 3 өрт сөндіру бөлімінің жүргізуші-қызметкері
Лиясқанов Бақытбек Қажыханұлы – Ішкі істер министрлігі Абай облысы полиция департаментінің аға криминалисі
Солтанғали Азамат Жомартұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті Талғар ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;
"Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен
Байзақов Абзал Бауыржанұлы – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің аса маңызды істер бойынша аға жедел уәкілі
Дүйсембаев Тимур Болатбекұлы – Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланы 3656 әскери бөлімінің авиациялық эскадрильясы командирінің орынбасары
Қозыбаев Ғазиз Болысбекұлы – Мемлекеттік күзет қызметінің бөлім бастығы
Мұқышев Асылхан Русланұлы – Қорғаныс министрлігі 61993 әскери бөлімі командирінің орынбасары – штаб бастығы
Рахымжанов Ерік Амангелдіұлы – Қорғаныс министрлігі 97616 әскери бөлімі командирінің орынбасары
Сұлтанғазиев Азамат Тілеуқабылұлы – Мемлекеттік күзет қызметінің Айрықша мақсаттағы күштері "Айбын" президенттік полкі 0112 әскери бөлімі басқарма бастығының орынбасары
Тілебалды Бауыржан Болатханұлы – Қорғаныс министрлігі 35748 әскери бөлімінің дивизион командирі.