Германия Ресеймен соғысқа дайындалуда
Германия әскери әлеуетін жедел түрде күшейтіп, Ресеймен ықтимал қақтығысқа дайындық жүргізіп жатыр.
Германия Ресеймен әскери қарсыласуға дайындалып, жедел милитаризация жүргізіп жатыр. Бұл туралы РФ-ның елдегі елшісі Сергей Нечаев деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, Германия Украинадағы қақтығысқа қатысы бар деген айыптаулардан бас тартқанымен, іс жүзінде Ресеймен ықтимал әскери қарсыласуға бағыт алған саясат жүргізіп отыр.
«Германия елді жедел милитаризациялау, Бундесверді кеңейту және әскери саланы бюджет пен қарыз қаражаты есебінен ауқымды қаржыландыру бағытын ұстанып отыр», - деді Нечаев «Известия» басылымына берген сұхбатында.
Сергей Нечаевтың мәлімдеуінше, Германия әскери әлеуетін жедел түрде күшейтіп, Ресеймен ықтимал қақтығысқа дайындық жүргізіп жатыр.
Дипломаттың айтуынша, Германия билігі әскери саланы бюджет және қарыз қаражаты есебінен белсенді қаржыландырып жатыр. Бұл – Ресеймен әскери қарсыласқа бағытталған саясаттың белгісі. Сарапшылар да бұл пікірді белгілі деңгейде қолдайды. Мысалы, халықаралық зерттеулер институтының аға ғлымми қызметкері Артем Соколов жаңа үкімет, яғни Фридрих кабинеті Бундесверді Еуроодақтағы ең қуатты армиялардың біріне тырысады деп санайды. Оның айтуынша, әскери шығындардың артуы қарапайым халыққа әсер етуі мүмкін, өйткені қаржы азаматтық сектордан алынады.
Ал саясаттанушы Егор Белячков бұл әрекеттерді Германия билігінің ішкі әлеуметтік-экономикалық мәселелерін жасыру талпынысымен байланыстырады. Оның пікірінше, елде ұзақ уақыттан бері шешілмеген құрылымдық проблемалар жиналып қалған.
Айта кетейік, бұған дейін Германия билігі Еуропадағы милитаризация саясатын Ресеймен қарым-қатынастың нашарлауымен түсіндірген.