Басты жаңалықтар

Интим-видеосы тарап кеткен ақтаулық блогерлер сәбиінен айырылып қалды

Блогердің айтуынша, оның түсік тастауына кейінгі жағдайлар әсер еткен.

Әлеуметтік желіде интим видеосы тарап, басы дауға қалған танымал ақтаулық блогерлер Хан мен жары Алма Мырзабекова сәбиінен айырылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Олар жарының жүктілігі жайлы бөлісіп, оқырмандарынан сүйінші сұраған еді.

Бүгін Алма Мырзабекова әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, ауыр қайғысын жеткізді.

"Балапанымды жоғалттым. Әр ана үшін ішіндегі сәбиін жоғалту — сөзбен айтып жеткізе алмайтын ауыр қайғы..
Мен оны қолыма ұстап үлгермесем де, жүрегіммен сүйіп үлгердім. Ол менің арманым болды, үмітім болды, жүрегімнің бір бөлшегі болды”, – деп жазды ол.

Блогердің айтуынша, оның түсік тастауына кейінгі жағдайлар әсер еткен.

"Соңғы жағдайлардың әсері өзімнен бұрын балапаныма тиді. Алланың ісіне амалым жоқ. Жанымда болған осы сәтте отбасыма рақмет”, – деп жазды ол.