Қоғам

Астанада Бәйтерекпен суретке түскен 19 жастағы жігіт қамауға алынды

Ол бейәдеп суреттерін жариялаған.

Астананың бас символы – «Бәйтерек» монументінің жанына барып, суретке түскен 19 жастағы жігітті полиция ұстап, изоляторға қамады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ол бейәдеп суреттерін жариялаған. Полиция оның суретін мониторинг арқылы тапқан көрінеді.

«Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері 19 жастағы елорда тұрғынын анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Полиция оның материалын жинап, тиісті шешім шығару үшін сотқа жіберген. Іс  «Ұзақ бұзақылық» бабы бойынша тергелген», - деп хабарлайды Астана қаласының полиция департаменті. 

Елорда полициясы мұндай әрекеттер қоғамдық нормаларды қорлайтынын және қаланың мәдени әрі маңызды нысандарына ашық түрде құрметсіздік таныту деп бағалады.