Денсаулық

Хантавирус: кемедегі соңғы жолаушылар Испаниядағы аралға жеткізілді

Қазіргі уақытта хантавирус сегіз адамнан табылды.

Франция мен АҚШ-та хантавирус анықталды. Ауру тараған круиздік лайнердегі 17 америкалықтың бірінен вирус расталған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы АҚШ Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеді.

Эвакуацияланған барлық жолаушы ерекше қауіпті инфекцияларды емдеуге арналған өңірлік орталыққа жеткізіледі.

Францияда да MV Hondius кемесіндегі жолаушы әйелден ПТР-тест арқылы хантавирус анықталған. Бұл ақпаратты Францияның денсаулық сақтау министрі Стефани Рист BFMTV арнасына растады. Әйел инфекциялық ауруханаға жатқызылған. Қазір онымен байланыста болған 22 адам бақылауға алынған.

Бұған дейін Испанияда MV Hondius лайнерінен 94 адам эвакуацияланған еді.

Қазіргі уақытқа дейін хантавирус сегіз адамнан шықты. Үш жолаушы көз жұмған, тағы бір науқас Йоханнесбургтегі ауруханада ауыр жағдайда жатыр.

Инфекцияның одан әрі таралу қаупіне байланысты жолаушыларға каюталарынан шығуға тыйым салынған.

Белгілі болғандай, лайнер Аргентинаның Ушуайя қаласынан шығып, Канар аралдарына бағыт алған.

Кемеде шамамен 150 адам бар. Олардың басым бөлігі – АҚШ, Ұлыбритания, Испания және Нидерланд азаматтары. Сондай-ақ экипаж құрамында Ресейдің бір азаматы бар екені белгілі болды.