Қоғам

"Біреуге айтсаң кино мен сериалдарға түсе алмайсың деді": қазақстандық жігіт "Балапан" телеарнасындағы продюсерден зорлық көргенін айтты

Актер өзін продюсер туысының зорлағанын айтты.

Қазақстандық актер Нұрғали Нұғман бірнеше жыл бұрын "Балапан" телеарнасында жұмыс істеп жүрген кезінде продюсер тарапынан зорлық көргенін мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Актердың айтуынша, өзіне зорлық көрсеткен туысы балалар арнасында продюсер болып жұмыс істеген. Соның көмегі арқылы ол кино мен сериалдарға түскен.

Бір күні түсірілімнен кейін туысы актерды кабинетіне шақырып, өзінің арам пиғылын іске асырған.

"Көкем маған "Сен менің баламдайсың. мен сені қатты жақсы көремін" деді. Бірақ бір күні түсірілімнен кейін мені шақырып алып, мойнымнан сүйді. Сөйтіп істерін істеді. Мен ол кезде кішкентай бала болдым. Қорыққаным соншалық, не істерімді де білмедім. Ол істейтінін істеп болған соң “Егер біреуге айтсаң, енді кино мен сериалдарға түсе алмайсың” деп қорқытты. Осылайша бұл біздің құпиямыз болып қалды", – дейді ол.

Актер бұл жағдайдан кейін ол суицид жасамақшы болған. Өте ауыр кезеңдерден өткен. Бірақ бірнеше жыл өткеннен кейін ол осы оқиға туралы ашық айтуға шешім қабылдаған.

Әлеуметтік желі қолданушылары актерге продюсердің есімін жариялауды талап етуде.