Басты жаңалықтар

Құрбан айт-2026: қазақстандықтардың қанша күн демалатыны белгілі болды

Құрбан айттың алғашқы күні - ресми демалыс.

Биыл Құрбан айт мерекесі 27 мамыр (сәрсенбі) күнге түсіп тұр. Яғни, қазақстандықтарды қосымша демалыс күтіп тұр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) күнтізбесіне сәйкес, 2026 жылы Құрбан айт 27-29 мамыр аралығында өтеді.

Құрбан айттың алғашқы күні – 27 мамыр – Қазақстанда ресми демалыс күні болып есептеледі. 2026 жылы бұл күн сәрсенбіге сәйкес келеді, сондықтан қазақстандықтарды жұмыс аптасының ортасында қосымша демалыс күні күтіп тұр.

  • 25 және 26 мамыр - жұмыс күндері;
  • 27 мамыр - Құрбан айтқа орай демалыс;
  • 28 және 29 мамыр - жұмыс күндері;
  • 30 және 31 мамыр - стандартты демалыс күндері.

Алты күндік жұмыс аптасымен істейтін қазақстандықтар үшін де 27 мамыр демалыс күні болады.