Өскемендегі зауытта болған жарылыс: денесінің 90 пайызын күйік шалған қызметкер көз жұмды
Компания марқұмның жақындарына және барлық қызметкерлерге қажетті қолдау көрсетіліп жатқанын мәлімдеді.
Өскемендегі "Казмырыш" зауытындағы жарылыстан зардап шеккен тағы бір адам ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
"Казмырыш" 5 мамырда Өскемен металлургия кешенінде болған жазатайым оқиға салдарынан ауыр жарақат алып, зардап шекен қызметкерлердің бірі бүгін түнде ауруханада көз жұмғанын қайғыра отырып хабарлайды", - делінген компания хабарламасында.
Компания марқұмның жақындарына және барлық қызметкерлерге қажетті қолдау көрсетіліп жатқанын мәлімдеді.
Алаңдағы салдарды жою жұмыстары мен мемлекеттік органдармен бірлескен тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Еске салсақ, 5 мамырда таңертең Өскемендегі зауыттан өрт шығып, тұрғындарды будақтаған түтін шошытқан болатын.