Алматы облысында оқушы мұғалімді ұрып тастады
Оқиға кезекші мұғалімнің жоғары сынып оқушысына сабақ уақытында мектептен шығуға рұқсат бермеуінен басталған.
Алматы облысының Қарасай ауданындағы «Жаңа қазақ» орта мектебінде мұғалім мен оқушы арасында жанжал туындады. Салдарынан педагог ауыр жарақат алды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Мұғалімдердің дерегінше, оқиға кезекші мұғалімнің жоғары сынып оқушысына сабақ уақытында мектептен шығуға рұқсат бермеуінен басталған.
Мектеп ұжымы әкімшілік тарапынан жүйелі қысым көрсетілгенін мәлімдейді. Олардың айтуынша, қызметкерлер еңбек демалысы кезінде жұмысқа шақырылып, кабинеттерді өз қаражатына жөндеуге мәжбүр болған. Кез келген келіспеушілік дөрекі қарым-қатынас пен психологиялық қысыммен ұласқанын да алға тартады.
Педагогтар тек оқиғаға қатысы бар оқушыға шара қолдануды емес, сонымен бірге мектеп басшылығына қатысты жан-жақты тексеру жүргізуді талап етеді.