Қоғам

«Продюсер көкем зорлады»: «Балапан» телеарнасы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады

«Балапан» телеарнасы аталмыш оқиға бойынша штат құрамында ешқандай продюсер жұмыс істемегенін мәлімдеді.

Қазақстандық жігіт өзін бала кезінде «Балапан» телеарнасының продюсері бағдарламаларға түсіргені үшін зорлағанын айтып желіде видео жариялады. Осыған қатысты телеарна ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

«Балапан» телеарнасы аталмыш оқиға бойынша штат құрамында ешқандай продюсер жұмыс істемегенін мәлімдеді.

«Әлеуметтік желіде Нұрғали Нұрман есімді азаматтың мәлімдемесіне қатысты төмендегіні хабарлайды. 2010 жылғы 27 қыркүйекте ашылған «Balapan» телеарнасының штатында ер адам «продюсер» қызметін атқармаған. Кейін желі қолданушысы өз мәлімдемесінде айтылған жайттардың «Balapan» телеарнасында емес, коммерциялық жобаға қатысты болғанын нақтылап, жаңа бейнежазба жариялады және арна ұжымынан кешірім сұрады. «Балапан» телеарнасы азаматтарды тек ресми әрі тексерілген ақпаратқа сүйенуге шақырады», – делінген телеарна мәлімдемесінде.

Айта кетсек, осыған дейін Нұрғали Нұрман бала күнінде көкесі өзін зорлағанын айтты. Ол балаларға арналған киноларға түсуге көмектескен.