Қоғам

Мұғалімді төмпештеген оқушының ата-анасы да жауапқа тартылады

Қазір оқушының әрекеті тергелу үстінде.

Алматы облысында мұғалімді ұрды деп күдіктелген оқушыға қылмыстық іс қозғалды. Жарты айда жас түлек атанғалы отырған бозбала қазір "Бұзақылық" бабы бойынша тергелуде. Енді оған және ата-анасына жазаны сот тағайындайды, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

Жанжал 16 қаңтарда Алматы облысындағы ауылдардың бірінде орналасқан жаңа орта мектепте болған. Ал қылмыстық іс видео желіге тарап, үлкен шуға ұласқан соң қозғалып отыр.

Телеарна мәліметінше, сабақ уақытында сыртта жүрген оқушыға мұғалім ескерту жасаған. Ұстаздың ұрысқаны балаға жақпай қалып, ол жұдырық ала жүгіріпті. Бұл әрекеті бейнебақылау камерасында анық көрініп тұр.

Енді оның кәмелетке толмауына байланысты ата-анасы да жауапқа тартылады дейді облыстық полиция департаментінің өкілдері.