Мәдениет

“Зәкеннің аруағы желеп-жебеп жүр”: Мақпал Жүнісова қасында әрдайым қара шыбын ұшып жүретінін айтты

Мақпал Жүнісова тылсым жағдай туралы жазды.

Әнші Мақпал Жүнісова өзін марқұм күйеуінің әруағы қолдап жүретінін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Айтуынша, қайда жүрсе де үлкен қара шыбын артында ұшып жүреді екен.

“Қай жерге сапарға шықсам, сол жерге дәу қара шыбын ұшып келеді, шетелде де солай, қасымдағылар біледі, ал енді бүгін концерттің аяғына дейін қара шыбын айналшақтап аяғына дейін бірге болды”, – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары бұл жағдайға қатысты түрлі пікір қалдырған. Кейбіреулері қара шыбынды өлтірмеуге және ол жәндік ретінде келген марқұм күйеуі екенін жазуда.

“Мерей екеуіміз Токиоға барғанда, күнде бір қара шыбын тамақтанда жанымызда айналшақтап жүрді, сонда мен “Зәкеннің аруағы желеп-жебеп жүр” деп айтқам”, – деп пікір қалдырды әнші.