Қоғам

"Интим суреттерін жариялаймын деп қорқытқан": Оралда әйел ер адамнан 500 мың теңге бопсалаған

Әйел ер адамнан 500 мың теңге талап еткен.

Оралда ер адамнан ақша бопсалады деген күдікпен әйел ұсталды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, 31 жастағы қала тұрғыны ер адамды суреттерін жариялаймын деп қорқытып, ақпаратты таратпау үшін 500 мың теңге талап еткен.

Полиция қызметкерлері күдіктіні ақша алып жатқан сәтінде ұстады. Тергеу амалдары барысында ақшалай қаражат пен ұялы телефон тәркіленді. Құрылғыдан тергеу үшін маңызы бар материалдар табылды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Соталды тергеу амалдары жалғасып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.