«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мархабат Жайымбетовтің Премьер-Министр Олжас Бектеновке сауал жолдады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 18:14
- 1
«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мархабат Жайымбетовтің Премьер-Министр Олжас Бектеновке Арал теңізін қалпына келтіру бойынша жолдаған депутаттық сауалы.
Құрметті Олжас Абайұлы!
Мемлекет басшысы кеше өткен Астана саммитінің отырысында Арал мәселесіне қатыстынақты әрі жүйелі бағыт - бағдар беріп, су ресурстарын тиімді басқару, цифрландырудыенгізу және трансшекаралық өзендер бойынша келісілген саясат жүргізудің маңызын айқындады.
Бұл - елдің болашағына бағытталғанбайыпты саясат.
Арал мәселесі - Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының үнемі назардаұстап отырған маңызды бағыттардың бірі. Соның аясында өңірде жүйеліжұмыстар жүргізіліп, экологиялық ахуалды жақсартуға және инфрақұрылымды дамытуға бағытталған бастамалар кезең - кезеңімен жүзеге асуда. Аймақта жол, су және әлеуметтік нысандардың жаңаруы жергілікті деңгейдегі жұмыстардың тұрақты түрде ілгерілеп келе жатқанын көрсетеді. Қиындығы күрделі өңірде түйткілдердің шешім табуы - үздіксіз еңбектіңнәтижесі. Құрғаған теңіз табанында жүргізіліп жатқан сексеуіл егу және мелиорациялық шаралар табиғи ортаны қалпына келтіруге бағытталған маңыздықадам ретінде бағаланады.
Сонымен бірге, осы ілгерілеумен қатар, уақыт күттірмейтін, шешімін қажет ететін күрделі мәселелер де бар. Арал тағдыры - тек табиғаттың ғана емес, тұтас әлемнің болашағынатікелей әсер ететінортақ жауапкершілік.
Дегенмен, бұл бағытта еліміз тарапынан кешенді әрі ауқымдыжұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп келеді. 2002 - 2008 жылдары Дүниежүзілік банкпен бірлескен «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Солтүстік Аралды сақтау» жобасы аясында өзеннің өткізуқабілеті 350-ден 700 м³/с дейін артса, теңіз көлемі 15,6-дан 27,1 км³ дейін ұлғайды, тұздылық 23-тен 12 г/л дейін төмендеді, балық аулау 400 тоннадан 8 мың тоннаға дейін өсті.
Қазіргі таңда жобаның екінші кезеңіқарастырылуда.
Ол Көкарал бөгетін Балтық жүйесі бойынша 42 м-ден 44 м-ге көтеру, дельта экожүйесін тұрақтандыру, дренаж суларын сулы-батпақты алқаптарға бұру, Қызылорда және Түркістан облыстарындағы ирригациялықжүйелерді жаңғырту жұмыстарын қамтиды. Жоба аясында 180 іс-шаражоспарланған, жалпы құны 700 млрдтеңгеден асады. Нәтижесінде Солтүстік Аралауданы 3 151 км²-ден 3 913 км²-ге, су көлемі 27 км³-ден 34 км³-ге дейін артады!
AMANAT партиясы Арал мәселесін бақылауда ұстап, Жол картасы аясындағы бастамаларды жүйелі түрдеіске асырып, өңірдің экологиялық және әлеуметтік түйткілдеріншешугебағытталған нақты жұмыстардың жүзеге асуына тұрақты түрде ықпал етіп келеді.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, Құрметті Олжас Абайұлы, Аралмәселесін күн тәртібінентүсірмей, маңызды жобаларға тұрақты қолдаукөрсетіп келесіз. Осыған орай, төмендегі ұсыныстарға назар аударуыңыздысұраймын.
Бірінші. Солтүстік Арал теңізін сақтаудың екінші кезеңін жедел іске асырып, Көкарал бөгетін 2 метрге көтеру жобасын толық қаржыландыру және аяқтау. Осы арқылы теңізге жыл сайын кемінде 4 млрд текше метр көлемінде кепілдендірілген су жеткізудіқамтамасыз етіп, тұздылық деңгейін 10промилледен асырмайтын тұрақты экожүйелік режим қалыптастыру.
Екінші. Су ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында ирригациялықжүйелерді жаңғырту, сушығыныназайту және су үнемдеутехнологияларын енгізу бойынша мемлекетаралық үйлестіруді күшейту.
Үшінші. Трансшекаралық су келісімдерін күшейту арқылы тұрақты су режимін қалыптастыру. Сондай-ақ, Су ресурстарын тұрақты басқарумәселелері бойынша Орталық Азия мемлекеттерімен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты күшейту.
Төртінші. Құрғаған теңіз табанында сексеуіл және тұзға төзімді өсімдіктерді отырғызукөлемін ұлғайтып, олардың жерсінуін қамтамасыз ету, тұрақты мониторинг жүргізу және шаң-тұздыңтаралуын азайту арқылы экологиялық және денсаулық қауіптерін төмендету.
Бесінші. Арал өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында балық шаруашылығынжүйелі түрде дамыту, су қоймаларын жаңғырту және алдағы уақытта Есіл - Торғай - Арал жобасын кезең-кезеңімен іске асыруды қарастыру.
Құрметпен, «AMANAT» партиясының Фракциясының депутаты М.Жайымбетов


