Қоғам

Алматыда ер адам өзін аңдып, маза бермей жүрген бұрынғы сүйіктісін полицияға берді

Әйел бұрынғы сүйіктісін аңдып, мазасын алған.

Алматыда соңынан қалмай қойған әйелге қатысты шағым түсірген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Алматы полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Айтан Елеусізовтің айтуынша, жыл басынан бері әйелдің еркекті аңдыған бір жағдайы тіркелген.

"Оны сталкингке итермелеген нәрсе – қарым-қатынасты қайта жаңғыртқысы келгені. Бірақ екінші тарап қазір үйленген, сондықтан ол қазіргі некесін сақтап қалу үшін полицияға жүгінген", - деді Елеусізов ӨКҚ-де өткен брифингте.

Оның сөзінше, іс әлі өндірісте, сондықтан Алматы тұрғынына қатысты әзірге ешқандай шара қолданылған жоқ.

Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 115-1-бабы бойынша сталкинг үшін мынадай жаза қарастырылған:

  • айыппұл 200 АЕК-ке дейін (2026 жылы 865 000 теңге);
  • дәл сол мөлшердегі түзеу жұмыстары;
  • 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту;
  • 50 тәулікке дейін қамауға алу.

Бұл ретте Айтан Елеусізовтің айтуынша, көбіне сотқа дейінгі тергеу сатысында сталкерге заң нормалары түсіндіріліп, содан кейін қудалау тоқтатылады. Егер құқыққа қайшы әрекеттер жалғаса берсе, сот мұны ауырлататын мән-жай ретінде тануы мүмкін.