Қазақстандықтар үш күн ақылы демалыс ала алады
Жұмыс беруші қызметкерлерге үш жұмыс күніне дейін ақылы әлеуметтік демалыс беруге міндетті.
Сенат жұмыс берушілерді қызметкерлерін скринингтік тексеруден өтуге жұмыс орны мен орташа жалақысын сақтай отырып жіберуді міндеттейтін заңды мақұлдады деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Еңбек кодексіне сәйкес, жұмыс беруші қызметкерлерге күнтізбелік жыл ішінде үш жұмыс күніне дейін ақылы әлеуметтік демалыс беруге міндетті.
14 мамырда, сенаторлар еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша түзетулерді мақұлдады. Енді медициналық ұйымдар цифрлық жүйелер арқылы жұмыс берушілерге олардың қызметкерлері скринингтен өтуі қажеттігі туралы хабарлайтын болады.
Яғни, басшылар қызметкерлерге жұмыс орны мен орташа жалақысын сақтай отырып, тексеруден өту үшін уақыт беруге тиіс.
Егер жұмыс беруші мұндай демалысты беруден бас тартса, ол жауапкершілікке тартылуы мүмкін.