Басты жаңалықтар

Қазақстанда доллар 6 теңгеге өсті

Доллардың орташа өлшенген айырбас бағамы – 474,04 теңгеге тең.

Қазақстанда доллар 6,18 теңгеге өскен. Қор биржасындағы (KASE) күнделікті сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген айырбас бағамы – 474,04 теңге болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ұлттық банктің 14 мамырдағы ресми айырбас бағамы бір долларға 467,63 теңге.

Алматы айырбас пункттеріндегі доллардың орташа айырбас бағамы:

  • сатып алу – 473,01 теңге;
  • сату – 475,48 теңге.

Астана айырбас пункттеріндегі доллардың орташа айырбас бағамы:

  • сатып алу – орташа есеппен 469,50 теңге;
  • сату – 476,50 теңге.