"Кейбір әншілердің концертіне әкімдік адамдарды қинап кіргізеді": Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 17:16
- 1
Танымал әнші Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға ренішін білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Роза Рымбаева сұхбатында кейбір әншілердің концертіне әкімдіктер қинап кіргізеді екен.
"Жаңа маған бір хабар түсті. Роза Рымбаева апамыз "Осы кейбір әншілердің концертіне әкімдік қинап кіргізеді екен адамдарды" деп сұхбат берген екен. Соған елдер "Мақпалдың концертіне елдерді қинап кіргізеді" деп жазып жатыр екен. Сол кісілерге "Оттамаңдар" деп айтқым келеді. Мен өмірімде әкімдікке барып "маған концерт жасап беріңдер" деп айтып көрмеппін. Менің концертіме халық өзі келеді. Сондықтан өтірікті кішкене растау қылып айтыңдар. Менімен бірге гастрольге шығып тексеріңіздер. Бір әкімдікке кіріп көрмеген адаммын. Рәкең өзінің концертіне солай жасайтын шығар мүмкін. Менің концертімде ондай болмаған және болмайды да! Роза апамыз сұхбат бергенде әншілердің атын атап айтқаны дұрыс болар еді", - деді өнер иесі.
Желі қолданушылары Мақпал Жүнісоваға қолдау көрсетіп, көңілін түсірмеуді айтқан.
"Мақпалжан, дұрыс айттыңыз! Ол кісінің тілі 'ұзындау" екен", "Роза апамның неғып олай айтқанын түсінемін, оның концертіне де көптеп барып жатқанын байқамаппын, негізі қызғаныш қынжылтады, солай деп айтқаны дұрыс болмады" деп жазды желі қолданушылары.



