"Аяғымның арасына кіріп, жыныс мүшелерімді уқалады": Алматыда бойжеткен жедел жәрдем фельдшері азғындық жасамақ болғанын айтты
Фельдшерді үйіне шақырған науқас оның ұятты жерлерін ұстағанын айтты.
Алматыда жедел жәрдем қызметкеріне қатысты дау шықты. Threads желісінде бойжеткен жедел жәрдем қызметкерінің өзіне оғаш қылық көрсеткенін жазды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айтуынша, ол 2026 жылдың 14 мамырында түнгі сағат 01:53-те аллергиялық асқынуға байланысты 103 қызметіне хабарласқан. Фельдшер алдымен ЭКГ жасап, екпе салған. Кейін бел тұсындағы ауырсынуға байланысты тексеру қажет екенін айтып, етпеттеп жатуын сұраған.
«Сол сәтте медицина қызметкері арқама массаж жасап, кейін ұятты жерлеріме қол тигізді. Ринат арқамды уқалай бастады. Мойнымнан бастап, қолын бүкіл денеме жүгіртті. Белімнің төменгі жағына келгенде ол менен соңғы рет жыныстық қатынаста қашан болғанымды сұрады. Мен бұған екі күн бұрын деп жауап бердім. Содан кейін ол қолыммен бөксемді уқалай бастады. Содан кейін екі қолымен аяғымның арасына кіріп, жыныс мүшелерімді қатты уқалай бастады. Осыдан кейін төсектен секіріп тұрып, қорқып айғайладым. "Не істеп жатырсың? Неге бұлай істеп жатырсың?" деді. Ол: "Ой, кешір, мен жай ғана массаж жасағым келген" деп жауап берді”, – деді тұрғын.
Кейін пәтерден шығып кетуге тырысқанда фельдшер оны жібермеуге әрекеттенген.
Қорқып тұрған қыз телефонын алуға ұмтылғанда фельдшер оның қолынан тартып алған екен.
Бірақ қыздың айғайынан көршілері шығып қалып, ол солай құтылып кеткен. Қазіргі уақытта осы оқиға бойынша бойжеткен полицияға арыз берген.
Осы оқиғадан кейін Алматы қаласы Полиция департаменті тексеру басталғанын хабарлады. Полицияның мәліметінше, жарияланған ақпарат бойынша Жетісу аудандық полиция басқармасы тексеру жүргізіп жатыр. Ал Алматы қаласының жедел медициналық жәрдем қызметі әлеуметтік желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды.
Жедел жәрдем қызметінің хабарлауынша, медицина қызметкері науқасқа барлық көмек бекітілген медициналық хаттамаларға сәйкес көрсеткен. Сондай-ақ оған ауруханаға жату ұсынылғанымен, ол бас тартқан.
Қызмет өкілдері ЭКГ жүрек патологиясын жоққа шығару мақсатында жасалғанын айтады. Кейін шақырту бойынша ақпарат емханаға жолданған. Сонымен қатар, жедел жәрдем қызметі фельдшердің өзі де сол жерде полиция шақырып, ар-намысы мен беделін қорғау үшін құқық қорғау органдарына арыз түсіргенін хабарлады.
«Медицина қызметкері жедел жәрдем саласында алты жылдан астам уақыт еңбек етеді. Бұған дейін оның үстінен пациенттерден шағым түспеген. Ол отбасылы және кішкентай бала тәрбиелеп отыр», - деп жауап берді бізге Алматы қаласының жедел медициналық жәрдем қызметі.
Қазіргі уақытта екі тарап та құқық қорғау органдарына жүгінген. Оқиғаның нақты мән-жайын полиция тексеруі анықтайды.