Қоғам

Қазақстанда көлік салығы жойылуы мүмкін бе?: ұлттық экономика вице-министрі жауап берді

Қазақстанда бензин бағасы тағы қымбаттайды.

Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін өткен брифингте журналистер ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбековтен көлік салығын жою мүмкіндігі туралы сұрады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қазақстанда бензин бағасы тағы қымбаттайды. Бұл шешім жанармай құнын көрші елдердегі бағамен теңестіру қажеттілігіне байланысты қабылданбақ.

Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков көлік салығына қатысты қазіргі уақытта қаралып жатқан жобалық кеңсе аясында талқыланбайтынын айтты.

«Менің білуімше, бұл мәселе жобалық кеңсе аясында қарастырылып отырған жоқ», — деді ол.