+45°С-қа дейін ыстық: Қазақстанда биыл жазда ауа райы қандай болады?
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 16:17
- 41
«Қазгидромет» РМК алдағы үш айға арналған ауа райы болжамын жариялады. Қазақстанда биыл жаз өткен жылдарға қарағанда ыстық болуы мүмкін, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Жаз мезгілінде аптап ыстық, өткінші жауын-шашын, нөсер, найзағай, бұршақ және екпінді жел жиі болады.
Қазақстанның басым бөлігінде +18...+23°С, елдің оңтүстік-батыс жартысында +24...+28°С, ал оңтүстік-шығыс пен шығыстағы таулы аудандарда +7...+17°С болады.
Күндіз ауа температурасы +30...+38°С-тан +15...+20°С-қа дейін құбылып отырады. Сонымен қатар, республиканың оңтүстік жартысында кей күндері ауа температурасы +40...+45°С-қа дейін жетуі мүмкін. Аптап ыстық күндер салқындау күндермен алмасып, нөсер жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауылды жел күтіледі.
Маусымның алғашқы онкүндігінде республиканың солтүстігі мен шығысында, сондай-ақ оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарда түнгі және таңғы уақытта үсік жүруі мүмкін.
Шілде – жаздың ең ыстық кезеңі. Қазақстанның басым бөлігінде +18...+24°С, оңтүстік жартысында +25...+30°С, оңтүстік-шығыс пен шығыстың таулы аудандарында +9...+17°С болады.
Жаздың соңғы айы – тамызда да елдің басым бөлігінде ыстық ауа райы күтіледі. Ауа температурасы нормадан 1-2°С жоғары болады. Тек республиканың оңтүстік-шығыс бөлігінде температура норма шамасында сақталады. Қазақстанның басым бөлігінде +20...+28°С, солтүстік-шығыс жартысында +16...+19°С, шығыс және оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда +11...+15°С.
Жаз мезгілінде республиканың көп бөлігінде жауын-шашын мөлшері орташа деңгейде болады.
маусым айында елдің оңтүстік-батысында, солтүстік пен орталықтың жекелеген аудандарында күтіледі.
шілде айында батыс, оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде күтіледі.
тамыз айында оңтүстік-батыста, орталықта, сондай-ақ оңтүстік пен шығыстың кей аудандарында күтіледі.
«Маусымдық ауа райы болжамы белгілі бір маусымға арналған ауа температурасы мен жауын-шашын мөлшерінің климаттық нормадан ауытқуын сипаттайтын орташа метеорологиялық көрсеткіштерге негізделеді. Сондықтан бұл болжам консультативтік сипатқа ие және кейін тоқсандық, айлық, онкүндік, апталық және тәуліктік болжамдар арқылы нақтыланады», – делінген синоптиктер болжамында.


