Қоғам

Семейде ер адам балаларға қарап, мастурбация жасады (ВИДЕО)

Ер адам балалар алаңында жүрген бүлдіршіндерге қарап, әдепсіз әрекет жасаған.

Семейде көпқабатты үйдің кіреберісінде ер адам балаларға қарап тұрып, мастурбация жасады, деп хабарлайды  KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы видео әлеуметтік желіде тарады. Оқиға қаланың Восточный ауданындағы аулалардың бірінде болған.

Ер адам көпқабатты үйдің кіреберісінде тұрып, балалар алаңында жүрген бүлдіршіндерге қарап, әдепсіз әрекет жасаған.

Оны жергілікті тұрғындар ұстап алып, кейін полиция қызметкерлерін шақырған.

«Сот шешімімен Семей қаласының 42 жастағы тұрғыны Восточный ауданындағы тұрғын үйлердің бірінің кіреберісінде жасаған әрекеті үшін 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Құқық бұзушы бақылауға алынды», – деп хабарлады Абай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.