"Өзімді Ресейдегі өзбек сияқты сезіндім": Қазақстан туралы айтқан ресейлік бойжеткен 10 тәулікке қамалды
Томирис Тоныкөк
Ресейлік әйелдің "өзін Ресейдегі өзбек сияқты сезіндім" деген сөзі көпшіліктің ашуына тиді.
Алматыда банк картасын рәсімдеу үшін Қазақстанға келген Ресей азаматы қамауға алынды. Ол банк пен халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы ұзақ процесске шағымданып, видео жариялаған, деп хабарлайды
Алматыға банк картасын рәсімдеу үшін келген ресейлік әйелдің Threads желісіндегі видеосы көпшіліктің ашуын тудырды. Ол Megapolis.kz парақшасында жарияланды. Оның "өзін Ресейдегі өзбек сияқты сезіндім" деген сөзі ашуландырған.
Видеода шетел азаматы Қазақстанда банк картасын алуда қиындыққа тап болғанын айтқан және оған әкесінің аты көрсетілмеген Ресей төлқұжаты негізінде жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) берілгеніне шағымданған.
Алматы қалалық полиция департаменті құқық бұзушы 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынғанын хабарлады.
"Шетел азаматы қоғамдық орында беәйдеп сөз қолданып, қоғамдық тәртіпті және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзғаны анықталды.
Мұндай әрекеттер тіркеледі және құқық бұзушының мәртебесі мен жеке басына қарамастан, заңды түрде бағалаусыз қалмайды.
Ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды, материалдар сотқа қарау үшін және процессуалдық шешім қабылдау үшін жіберілді.
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен құқық бұзушы 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды", - деді ПД өкілі.
Алматы полициясы қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық орындарда дөрекі мінез-құлыққа жол бермеу бәріне бірдей міндетті екенін атап өтті.