Депутат Дәулет Тұрлыханов Роза Рымбаеваға көлік сыйлады
Роза Рымбаева концертте көліктің кілтіне ие болды.
Депутат Дәулет Тұрлыханов Қазақстанның халық әртісі танымал әнші Роза Рымбаеваға темір тұлпар сыйлады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қуанышты хабарды Абай облысының басты ақпарат алаңы саналатын парақша жариялады.
Ақпаратқа сәйкес, мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов Қалбатауда ашық аспан астында гала концерт ұйымдастырған. Оған Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева, Әли Оқапов, Мәди Рымбаев, Медеу Арынбаев және Kalifarniya секілді шоу-бизнес өкілдері қатысып, өнер көрсеткен.