Атыраудағы отбасының өлімі: сотталушының сот залында күліп отырғаны видеоға түсіп қалды (ВИДЕО)
Атыраудағы бір отбасының өліміне кінәлі делінген күйеубаланың сот залында күліп отырғаны видеоға түсіп қалды.
Атырау облысындағы Жангелдин ауылында бір отбасының төрт мүшесін өліміне қатысты өткен сот отырысында сотталушы Сұлтан Сәрсемалиевтің реакциясы видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Мемлекеттік айыптаушы Мирас Бауыржанов сотта бұрынғы әйелінің ағасы Наурыз Мұқанғалиев пен отбасы иесі Мақсот Қарабалиннің өліміне әкелген жанжалдың қалай өрбігенін егжей-тегжейлі баяндады.
Айыптау актісінде қылмыстың ауыр және жантүршігерлік тұстары айтылған. Атап айтқанда, Мақсот Қарабалиннің мәйіті кісі өлтірілгеннен кейін кілемге оралып, жерге көмілгені көрсетілген.
Прокурор оқып жатқан сәтте камера айыпталушының жүзін түсіріп алған. Видеода оның айыптау сөздерін сабырмен тыңдап отырғаны байқалады. Тіпті бір мезетте жүзінен күлкіге ұқсас реакция да аңғарылған.