Қоғам

Қарағандыға 12 жастағы бала екінші сынып оқушысын пышақпен қуалаған

8 жасар бала үйіне қайтып бара жатқанда, оның соңынан қолына пышақ ұстаған 12 жасар жасөспірім жүгірген.

Қарағандыда 12 жасар бала тұрғын үйдің ауласында 8 жасар баланы пышақпен қуалаған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Полиция бөлімінің кезекші бөліміне 17 мамырда тұрғын үйдің ауласында белгісіз жасөспірімнің баланы пышақпен қуалап жүргені туралы қоңырау түскен.

Тексеру барысында 8 жасар бала үйіне қайтып бара жатқанда, оның соңынан қолына пышақ ұстаған 12 жасар жасөспірім жүгіргені белгілі болды. Кәмелетке толмаған екі бала да көрші болып шықты.

Полиция жасөспірімді жедел тауып, оны ата-анасымен бірге бөлімшеге жеткізді.

«Полиция қызметкерлері жасөспірімді жедел анықтады. Кәмелетке толмаған бала заңды өкілдерімен бірге полиция бөліміне жеткізілді. Жасөспіріммен және оның ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Сондай-ақ психологтың қатысуымен кәмелетке толмаған екі баламен де тиісті жұмыс жүргізілді. Қазіргі уақытта балалардың заңды өкілдерінің бір-біріне талап-арыздары жоқ», – деп хабарлады құқық қорғау органдары.