Қазақстанның барлық өңірлері бойынша айт намазының кестесі жарияланды
Айт намазы еліміздің кейбір өңірлерінде 06:30-да оқылады.
Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) әр өңір бойынша айт намазының толық кестесін жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Еліміздің Астана, Алматы және Шымкент қалаларында айт намазы сағат 6:00-де басталады. Елдің көптеген өңірлерінде де намаз 6:00-де оқылады. Ал Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Маңғыстау облыстарында ол 6:30-да басталады.
ҚМДБ атап өткендей, "айт" сөзі араб тілінен аударғанда "мереке" деген мағынаны білдіреді. Ислам дінінде екі айт намазы бар: Ораза айт және Құрбан айт. Айт намазы екі ракағаттан тұрады және жамағатпен оқылады. Оның алдында азан мен қамат айтылмайды.
Айта кетсек, биыл Құрбан айт мерекесі 27 мамырға түсіп тұр.