Биыл Қазақстанда соңғы қоңырау қалай ұйымдастырылатыны айтылды
Оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты іс-шараны өткізу туралы шешімді мектептер өздері қабылдайды.
Оқу-ағарту министрлігі соңғы қоңырау іс-шаралары биыл қандай форматта өтетінін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Министрлік мәліметінше, оқу жылының аяқталуына бір аптадан аз уақыт қалды. Оқу процесі 25 мамырда аяқталады.
"Оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты іс-шараны өткізу туралы шешімді мектептер өздері қабылдайды. Сонымен қатар мектеп дәстүрлері сақталады. Мектеп пен мұғалімдерге алғыс айту, өлең оқу, ән айту және түлектер вальсі ұйымдастырылады”, – делінген хабарламада.