Жаңа туған сәбиін сатпақ болған 19 жастағы әйел сотталды
Баланы ерлі-зайыпты сатып алмақ болған.
Астанада 19 жастағы қыз жаңа туған сәбиін ерлі-зайыптыға сатпақ болған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Астана қаласының прокуратурасы жаңа туған нәрестені заңсыз беру ісі бойынша мемлекеттік айыптауды қолдады.
«Сот үкімімен қыз және делдалдар Қылмыстық кодекстің 135-бабы «Кәмелетке толмағандар саудасы» бойынша кінәлі деп танылды. Сотталушылар шартты түрде 8 жылға бас бостандығынан айырылды», - дейді прокуратурадағылар.
Бала кәмелетке толмағандарға арналған мамандандырылған мекемеге орналастырылды. Анасы ата-ана құқынан айырылды.