Бестөбе кенішінде тау массасының опырылуы: екі адам қаза тапты
Бестөбе шахтасындағы кен орнында тау жыныстары опырылды.
Ақмола облысындағы Бестөбе кенішінде тау массасының опырылуы салдарынан екі ер адам қаза тапты. Бұл туралы Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Мәліметінше, 38 және 21 жастағы екі ер адамның оқиға орнында көз жұмған.
"Бестөбе шахтасындағы кен орнында тау жыныстары опырылып түсуі орын алып, соның салдарынан 38 және 21 жастағы екі ер адам қаза тапты", – деп хабарлады Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 269-1-бабының 3-бөлігі “Қорғалатын нысанға заңсыз кіру” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.