Астанада дәмхана мен мейрамханаларға ит еті жеткізілген: Ветеринариялық қызмет даулы мәлімдемеге жауап берді
«Астана Ветсервис» бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді.
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Астанадағы қоғамдық тамақтану орындарына ит етін жеткізу туралы хабарламалар қайта тарала бастады. «Астана Ветсервис» бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ведомствоның түсіндіруінше, желіде тараған жарияланымдар 2023 жылы Ақмола облысында болған ескі оқиғаға қатысты және қазіргі елордадағы жағдайға еш қатысы жоқ.
«Аталған жарияланымдар 2023 жылы Ақмола облысы аумағында жануар тектес өнімдердің заңсыз айналымын анықтау фактісіне байланысты», — деп хабарлады «Астана Ветсервис».
Ұйымның мәліметінше, қазіргі уақытта Астанадағы қоғамдық тамақтану орындарында мұндай өнімдердің жеткізілгені немесе қолданылғаны туралы ресми расталған деректер жоқ. Сонымен қатар елордада ет өнімдеріне тұрақты ветеринарлық-санитарлық бақылау жүргізіліп жатыр.