Тоқаев бірқатар өнер иелерін марапаттады
Бірқатар өнер иелеріне мемлекеттік награда табысталды.
Президент Жарлығымен мәдениет саласындағы аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін бір топ азаматқа мемлекеттік награда табысталды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мәдениет саласындағы аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін наградталды:
"Отан" орденімен "Ұлттық өнер" ЖШС директоры Бурмистрова Татьяна Николаевна марапатталды.
І дәрежелі "Барыс" орденімен"Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы" РМҚК солисі Жүнісова Мақпал Мұхамедьярқызы марапатталды.
ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен Михаил Лермонтов атындағы Ұлттық орыс драма театры" РМҚК актрисасы Ганцева Марина Юрьевна
"Қазақстанның халық әртісі" құрметті атағы берілді. Сондай-ақ, "Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры" РМҚК әртісі Қожа Бахтияр Абдуллаұлы , –"А.П.Чехов атындағы Павлодар облыстық драма театры"КМҚК актрисасы Макарова Нина Матвеевна
- –"Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры"РМҚК актері Сейітметов Азат Райымбекұлына берілді.
Бірқатар өнер иелеріне "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы және "Құрмет" орденімен марапатталды. Олардың арасында Дервиши тобының қатысушысы Жүгінісов Құрманбек Далабекұлы және «Орда» тобының солисі Оразбеков Дастан бар.
Ал "Ерен еңбегі үшін" медалі журналист Әшім Әлия Мейрамғазықызы мен бірнеше актерге берілді.