Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ең төменгі жалақы қашан көтеріледі?: Ұлттық экономика министрлігі жауап берді

Ең төменгі жалақы қашан көтеріледі?: Ұлттық экономика министрлігі жауап берді
Сурет: kazlenta.kz
Ұлттық экономика вице-министрі ең төменгі жалақыны 150 мыңға көтеру жоспарда екенін айтты.

Қазақстандағы ең төменгі жалақы қашан 150 000 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін. Бұл туралы Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Шенеунік нақты санды айту әлі ерте екенін жеткізді. Бірақ жоспарда 150 мыңға көтеру жаспарда тұрғанын атап өтті.

"Бұл бюджеттің мүмкіндіктеріне байланысты. Қазір есептеулер жүргізіліп жатыр, әртүрлі нұсқалар қарастырылады. Нақты санды айтуға әлі ерте шығар. 150 000 – біздің мақсатымыз, бірақ оған қалай жететінімізді көреміз", – деді Әмрин.

Айтуынша, төменгі жалақының мөлшері тамыз айында белгілі болады.

"Мүмкін тамыз айының соңына қарай белгілі болады. Бюджетті қалыптастыру тәртібі өзгерді: жаңа Бюджет кодексі, барлық рәсім 1 маусымнан бастап өзгерді, шектеулер енгізіліп жатыр және т.б. Бізде өткен жылғы нәтижелер бойынша статистика болады. Біз оларды есептеулер жүргізу үшін шамамен 5 тамызда, осы статистика қолжетімді болған кезде пайдаланамыз. Ал тамыз айының ортасынан аяғына дейін бізде азды-көпті нақтыланған бюджет болады", – деді бірінші вице-министр.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар