Ең төменгі жалақы қашан көтеріледі?: Ұлттық экономика министрлігі жауап берді
Ұлттық экономика вице-министрі ең төменгі жалақыны 150 мыңға көтеру жоспарда екенін айтты.
Қазақстандағы ең төменгі жалақы қашан 150 000 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін. Бұл туралы Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
"Мүмкін тамыз айының соңына қарай белгілі болады. Бюджетті қалыптастыру тәртібі өзгерді: жаңа Бюджет кодексі, барлық рәсім 1 маусымнан бастап өзгерді, шектеулер енгізіліп жатыр және т.б. Бізде өткен жылғы нәтижелер бойынша статистика болады. Біз оларды есептеулер жүргізу үшін шамамен 5 тамызда, осы статистика қолжетімді болған кезде пайдаланамыз. Ал тамыз айының ортасынан аяғына дейін бізде азды-көпті нақтыланған бюджет болады", – деді бірінші вице-министр.