Басты жаңалықтар

Қазақстанда 1-сыныпқа құжат тапсыру мерзімі бекітілді

Құжаттарды OQU платформасы арқылы онлайн форматта тапсыруға болады.

Оқу-ағарту министрлігі 2026-2027 оқу жылына бірінші сыныпқа құжат қабылдау кестесін бекітті, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Құжаттар 27 мамыр мен 31 тамыз аралығында қабылданады.

Құжаттарды OQU платформасы арқылы онлайн форматта, сондай-ақ, білім беру ұйымдарына тікелей жүгіну арқылы тапсыруға болады.

Өңірлер бойынша құжат қабылдау мерзімі:

  • 27 мамыр - 31 тамыз: Астана қаласы, Абай, Жетісу, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстары.
  • 10 маусым - 31 тамыз: Алматы қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстары.
  • 18 маусым - 31 тамыз: Шымкент қаласы, Алматы, Қостанай, Павлодар және Атырау облыстары.
  • 29 маусым - 31 тамыз: Түркістан, Маңғыстау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстары және Ұлытау облысы.