Қоғам

Астана game mode-ні қосады: 20 мамырда «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) ойындарына билеттерді сату басталды

20 мамыр — «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) билет науқанының ресми басталу күні - Freedom Ticketon платформасында жылдың басты халықаралық фиджитал-турниріне билеттерді онлайн сату ашылды.

2026 жылғы 29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астана цифрлық және физикалық белсенділікті біріктіретін фиджитал-спорттың әлемдік алаңына айналады. 50-ден астам ұлт өкілдерінен құралған 800-ден астам қатысушы халықаралық клубтарға бірігіп, технологиялық брендтер мен мыңдаған көрермендер Қазақстан астанасында бас қосады.

 

 «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) бағдарламасында: 

-  фиджитал-футбол; 

-  фиджитал-баскетбол; 

-  battle royale; 

-  фиджитал-шутер; 

-  фиджитал-би;

 -  MOБА ПК;

 -  MOБA мобайл; 

-  фиджитал-жекпе-жек бар. 

Бұл – цифрлық әлем мен физикалық белсенділік тоғысатын, ойыншылар мен көрермендер үшін жаңа спорттық шынайылық қалыптастыратын дисциплиналар. 

Ұйымдастырушылар мен IPSOS халықаралық зерттеулерінің деректеріне сәйкес, «Болашақ ойындары 2025» (GOTF 2025) турнирі бұл форматқа әлемдік деңгейде жоғары қызығушылық бар екенін көрсетті:

 

- 850-ден астам қатысушы;

- әлем бойынша 461 миллионнан астам онлайн-қаралым және 137 миллион бірегей көрермен. 

Сонымен қатар, «Болашақ ойындары 2025» (GOTF 2025) аясындағы турнирге ондаған мың көрермен қатысты, ал трансляциялар ірі халықаралық медиаплатформалар мен стримингтік сервистер арқылы жүргізілді.

«Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) – бүгінде жай ғана турнир емес, спорт, технология және digital-мәдениет бір кеңістікте тоғысатын болашақтың тұтас экожүйесі. 

«Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) ойынына билет – бұл тек аренаға кіру мүмкіндігі емес. Бұл – спорттың, технологиялардың және заманауи ойын-сауық мәдениетінің жаңа дәуіріне жолдама. 2026 жылдың жазында Астана әлемдік цифрлық мәдениеттің орталығына айналады: спорт ареналары фиджитал-спорт пен болашақ технологияларының ырғағымен тыныстайтын қалаға айналмақ.

 

Ұйымдастырушылар билет санының шектеулі екенін және сатып алынған билеттердің қайтарылмайтынын ескертеді.