Мәдениет

Атырауда мәдениет саласының үздіктері марапатталды

Мәдениет және өнер қызметкерлері марапатталды.

Атырауда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай ұлттық мәдениеттің дамуына елеулі үлес қосқандарға құрмет көрсетілді.

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов өнер майталмандарына мемлекеттік наградалар табыстады. Дина Нұрпейісова атындағы академиялық оркестрдің дирижері Рахилә Ерғалиева «Құрмет» орденімен марапатталды. Ол оркестр құрамында 1990 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Еңбек жолын оркестр әртісі боп бастап, бүгінде музыка өнерінің қыр-сырын жетік меңгерген дарынды орындаушы ретінде мойындалды. 

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы Атырау облыстық халық шығармашылығы орталығы басшысының орынбасары Ғабит Қайрекешевке берілді.

Ол еңбек жолын 1993 жылы қалалық әкімдікте бастаған. Әр жылдары мәдениет саласында басшылық қызметтер атқарып, Құрманғазы атындағы мәдениет сарайын басқарған.

Серік Шәпкенов мәдениет саласы өкілдерімен кездесуде өнердің қоғамның рухани дамуына ықпалы ерекше екенін атап өтті.