"Бала керек емес деп айтып кеткен": Шавкат Рахмоновтың бұрынғы әйелі жазба жариялады
Шавкат Рахмоновтың бұрынғы әйелі мәлімдеме жасады.
Қазақстандық жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың әйелі бұрынғы күйеуінің перзентханаға келмегенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Сөзінше, Шавкат Рахмонов бала керек емес екенін айтқан екен.
"Мм не дейміз енді… ұлым ажырассын бірақ қызым ажыраспасын деген тактика… қызының тойын 30млн жасатты, үйін алып берді, машина берілді, одан қалды қаншама нәрсеге Шавкаттың ақшасы ғана кетіп отырды. 3 ұлы болсада бәріне міндетті тек Шавкат. Мейлі алсын берсін бірақ араға түсе беру тым артық болды. Маған қарағанда күйеубаланың бағы жанып тұр. Ешкім ешнәрсені көрге алып кетпейді! бумеранг существует!!! Сосын балаға келді ма деп сұрай бермеңіздер! Ол бала керек емес деп айтып кеткен… Алла деп өз аяғыммен барып босанып аман есен өз аяғыммен үйге келдім. Оның мазасын алып жазып құттықтап әуре болмаңыздар! Аллаға мың шүкір!", - деп жазды ол.
