Басты жаңалықтар

Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: іс сотқа түсті

Сот отырысы 28 мамыр күні сағат 15:00-де Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында тағайындалды.

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында үш адамның өліміне себеп болған жол апаты бойынша қылмыстық іс сотқа түсті. Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Олег Чернов мәлімдеді, деп

Бұл туралы Чернов мәліметтерді өзінің Instаgram-дағы парақшасында жариялады.

"Сотқа дейінгі тергеу аяқталды, ендігі кезек сотта. Ішкі істер министрі мен Президенттің тапсырмасы барынша қысқа мерзімде орындалды. Алдын ала сот отырысы 28 мамыр күні сағат 15:00-де Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында тағайындалды", – деп жазды адвокат.

Қалалық соттың баспасөз қызметі істің Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына түскенін растады. 

"Күдіктіге қатысты "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасы таңдалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталу сатысында және жақын арада сотқа жолдау жоспарлануда", – деп хабарлады ведомство.

Еске салайық, 21 наурызға қараған түні Алматыда ірі жол апаты болды: әл-Фараби даңғылы мен Меңдіқұлов көшесінің қиылысында Mercedes пен Zeekr автокөліктері соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам қаза тапты.

Mercedes маркалы көліктің 29 жастағы жүргізушісі мен 20 және 22 жастағы екі жолаушы қыз оқиға орнында көз жұмды. Zeekr жүргізушісі аман қалып, түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды. Жол апаты кезінде ол мас болған.